Қазақстан жаңалықтары1 тамыз 2024, 14:17

Нұртас Адамбайдың соты кейінге шегерілді

Нұртас Адамбайға Қазақстанның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзды деген айып тағылып отыр. Шоуменнің үстінен қозғалған істі тыңдау бүгін WhatsApp мессенжері бейнеконференциясы арқылы өтуі тиіс еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге қалды», — деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қалалық сот отырыстың кейінге қалу себебін және қашан өтетінін нақтыламады.

Еске сала кетейік, кеше Нұртас Адамбай діни қызмет туралы заңды бұзды деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.

Атап айтқанда, діни ғимарат салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға қатысты.

Нұртас Адамбай сот

Тақырыпқа жаңалықтар