Ойын бизнесін ұйымдамтырған шымкенттік 4 жылға сотталды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкент тұрғынына бірінші сатыдағы сот ас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындаған. Шартты түрде сотталу жойылып, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сотталушының бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді покер клубы түріндегі онлайн-казино жұмыс істеген.

Қылмыстық әрекет аса ірімөлшерде заңсыз кіріс әкелген. Заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешімін таппаған.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот шартты түрде сотталуды жойып, 4 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мемлекет пайдасына 2,8 млрд теңге — онлайн-казинодан түскен заңсыз кіріс өндірілді.

Шымкент тұрғын заңсыз ойын
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар