Қазақстан жаңалықтары4 сәуір 2024, 14:30

Өмірбек Байгелдімен қоштасу рәсімі Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлының дүниеден өтуіне байланысты қоштасу рәсімі биылғы 5-ші сәуірде сағат 10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Жерлеу рәсімі үстіміздегі жылдың 5 сәуірінде сағат 11.30-да Ұлттық пантеонда болады.

Бүгін Астанада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті.

Мемлекет басшысы марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

 

Өмірбек Байгелді Бейбітшілік және келісім сарайы Қоштасу

Тақырыпқа жаңалықтар