Онлайн-казино ұйымдастырушысы Грузиядан экстрадицияланды

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында ойын платформасының жұмысы үшін мыңнан астам құмар ойын түріне қолжетімділік ұсынатын «bingo37.рro» сервисі пайдаланылған, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Олардың қатарында «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» және басқа да танымал ойындар бар.

Ойыншылар Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы тартылған. Олардан қаражат қабылдау және қаржы ағындарын жасыру мақсатында Грузия мен Тәжікстан азаматтары дропперлер ретінде әрекет еткен. Олар Қазақстан аумағына келіп, банк шоттары мен абоненттік нөмірлерді тіркеген. Осылайша дропперлердің атына тіркелген шоттар арқылы 3,1 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

2025 жылдың тамыз айында Рантик Бахтияр Оглыға халықаралық іздеу жарияланды. 2026 жылдың қаңтарында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

PORSCHE CAYENNE және LEXUS GX 460 көліктері сот қаулысымен мемлекет кірісіне тәркіленді.

ҚМА Грузия Маңғыстау ойын

Тақырыпқа жаңалықтар