Қазақстан жаңалықтары12 қаңтар 2024, 1:00

Оңтүстік Корея қазақстандықтарға заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Тараптар Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу бойынша келіссөздер жүргізді. Бұл қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс табуға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі арасындағы келіссөздер онлайн режимінде өтті.

Тараптар Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу мәселесін талқылады.

Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс табуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қазақстандықтарға тең еңбек жағдайлары жасалып, құқықтары қорғалатын болады.

Әріптестер Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылап, еңбек көші-қоны аясында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді.

Оңтүстік Корея заңды жұмыс рұқсат

Тақырыпқа жаңалықтар