Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау тәртібін қайта қарауға кірісті

Осы бағытта еліміздің барлық өңірінен белсенді мұғалімдер қатысатын арнайы жұмыс тобы жасақталды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Министр Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдеуінше, жұмыс тобы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді зерделеп, нақты ұсыныстар әзірлейді. Жүргізілген талдау нәтижелері келер жылдың ақпан айында көпшілік талқысына ұсынылмақ.

Аттестаттау барысында мұғалімдерден авторлық бағдарлама талап етілуі негізгі түйткілдердің бірі ретінде аталды. 2025 жылы қаралған 875 авторлық бағдарламаның 572-сі қайта өңдеуге жіберілген. Министрлік бұл талап педагогтерге қосымша салмақ түсіріп, рәсімнің формалды сипат алуына себеп болғанын атап өтті.

Алдағы кезеңде «педагог-шебер» санатына қойылатын талаптарды өзгерту жоспарланып отыр.

министр аттестат Мұғалім Мектеп

Тақырыпқа жаңалықтар