Оралда жедел жәрдем көлікке соқтығысып, бір адам мерт болды
Орал қаласында жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 шілде күні шамамен сағат 22.00-де А.Черекаев көшесінде болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«ВАЗ-21099» және «Хундай» жедел жәрдем көлігі түйісті. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі басқа жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Жеңіл көлікте отырған жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: