Өскеменде қызды қауып алған иттің иесі іздестіріліп жатыр
Өскемен қаласында 7 жасар қызды қауып алған иттің иесі іздестірілуде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға 5 қараша күні қала іргесіндегі Аблакетка шағын ауданында болған. Белгісіз ер адам итін жіпсіз, тұмылдырықсыз серуендетіп жүрген. Сол кезде ит қаршадай қызды көріп жүгіре жөнелді.
«Физкультурная көшесіндегі саябақта ит 7 жасар қызды қауып алды. Анасы бірден баланы ауруханаға апарып, полицияға хабар берді. Аталған факті Өскемен қаласы Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімінің есеп кітабына тіркелген. Қазіргі уақытта ит иесінің кім анықтау мақсатында іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Осы ретте, полиция қызметкерлері оқиға куәгерлері болса «102» жедел арнасына хабарласуды сұрайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: