Павлодарда 26 жастағы жігітті жантүршігерлік жағдайда өлтіріп кетті
Павлодарда 26 жастағы жігітті жантүршігерлік жағдайда өлтіріп кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы жағдай 21 шілденің түнінде Заслонов көшесіндегі үйде болған. Ер адам танысын пышақтап өлтірген. Облыстық ПД мәліметінше, қанды қылмыс тұрмыстық жанжал салдарынан болған.
Күдікті ретінде ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: