Павлодардағы ЖЭО-2-де төтенше жағдай болды: екі адам дәрігерге жүгінді

Бұл туралы «Павлодарэнерго» АҚ хабарлады,деп хабарлайды Arbat.Media.

«Павлодар ЖЭО-2-де №5 қазандық агрегатында іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде құбыр желісі бұзылып, аз уақытқа акустикалық әсер (қатты дыбыс) пайда болды», – дейді компаниядағылар.

Оқиға болған уақытта №4 қазандық агрегатында мердігер ұйымның қызметкерлері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Қызметкерлердің бірі құлағының бітеліп, есту қабілетінің уақытша нашарлағанына шағымданса, екіншісі тобық тұсының ауырғанын айтқан.

Медициналық мекемеде тексеруден өткеннен кейін жұмысшылар үйлеріне жіберілді.

оқиға Мердігер ұйым мекеме

Тақырыпқа жаңалықтар