Петропавлда көшеден әйелдің денесі табылды
Петропавлдағы Алтынсарин көшесінде бүгін 50 жастағы әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 наурыз күні полицияға көшеде әйелдің денесі табылғандығы туралы хабарлама түскен. Өлген адамның кім екенін тәртіп сақшылары анықтады. Қазіргі уақытта өлімге не себеп болғанын анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай айтылмады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: