Президент, Парламент, Үкімет жұмысының жаңа регламенті бекітілді
Коллаж: Kazinform/ Freepik
Freepik
Қазақстан жаңалықтары9 тамыз 2024, 14:53

Президент, Парламент, Үкімет жұмысының жаңа регламенті бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент және Президент Әкімшілігінің, Парламент пен Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы өкімге қол қойды. Өкімде жұмыс аптасының әр күнінде қай органның қандай шара өткізетіні айқындалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Дүйсенбі – Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының оған есеп беруі, Үкіметтің селекторлық кеңес отырыстары, Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда өтетін жедел кеңестер.

Сейсенбі – Үкімет отырысы, Президенттің Парламенті палаталарының спикерлері мен депутаттарын қабылдауы.

Сәрсенбі – Президенттің Үкімет мүшелерін қабылдауы, Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс.

Бейсенбі – Президенттің өңірлерге жұмыс сапарлары, Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстары.

Жұма – Президенттің өңірлердің әкімдерімен телефон арқылы келіссөздері, Премьер-Министрдің Президентке баяндама жасауы, министрліктер мен ведомстволарда өтетін кеңестер

«Парламент Мәжілісінің отырысы - сәрсенбі күні, Парламент Сенатының отырысы - бейсенбі күні (олардың жұмыс регламенттеріне сәйкес) өтеді.Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестері Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімі бойынша кез келген күні және тәуліктің кез келген уақытында өткізілуі мүмкін», - деп жазылған өкімнің ескертпесінде.

жаңа регламент Президент Үкімет Парламент

Тақырыпқа жаңалықтар