Қазақстан жаңалықтары12 қаңтар 2024, 14:12

Пышақтамақ болған. Такси жүргізуші полиция көлігіне соғылуға мәжбүр болды

Қаскөйлерден айласын асырды. Қостанайда ер адам діттеген жеріне жетіп алу үшін такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан. Ал суық қарудан аман құтылмайтынын білген жүргізуші жол бойындағы полицейлердің көлігіне әдейі соғылыпты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні рудныйлық екі тұрғын таксимен облыс орталығына бет алған. Көлік қала ішіне кіргенде жолаушылар жүргізушінің кеңірдегіне пышақ тақап, ақша бопсалай бастаған.

Алайда жүргізуші абдырап қалмай, қала көшелерінде келе жатқан полиция машинасын көзі шалып, әдейі қызметтік көлікке соқтығысады. Ол бұл іске өзін құтқару үшін мақсатты түрде барған. 

Желіде жүктелген видеодан жүргізуші соқтығысқаннан кейін іле-шала сыртқа қашып шыққанын көруге болады. Полиция өкілдері де көліктен тез түсіп, бопсалаушыларды сол орында қолға түсірген.

Ал қызметтік көлікке айтарлықтай зақым келмеген.

— Екі көліктің соқтығысқанын байқадық. Сол бағытта кетіп бара жатқанымызда ақ көліктің ішінен бір азаматтың қашып бара жатқанын көріп қалдық. Сол көшінің бойында азаматты ұстап алып, жол бойына пышақты лақтырғанын байқадық, - дейді Қостанай патруль полициясының аға инспекторы Нұрлыбек Байкенжин.

Қостанай такси Пышақ полиция

Тақырыпқа жаңалықтар