Қайрат Сатыбалдыға тағы бір айып тағылды
Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов Қайрат Сатыбалдының үстінен салық төлеуден жалтарғаны үшін де сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Қайрат Сатыбалдыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі – «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру арқылы қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату фактісі бойынша тергеу жүргізілді. Ол қылмыстық жолмен табылған қаражатты пайдаланып, әртүрлі мүлікке, соның ішінде шетелде де мүлік иемденіп, Қазақстандағы және басқа елдегі банк шоттарына ақша салған. Қазір бұл іс сотқа өтуге дайындалып жатыр», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.
Сондай-ақ Антикор Қайрат Сатыбалдының салық төлеуден жалтарып келгенін де анықтаған.
Қазір осы әрекетіне байланысты жаңа іс қозғалған.