Қаңтар ҰБТ-сы басталды

Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

ҰБТ-ға қатысуға 187 мыңға жуық адам өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 75,2%-ы қазақ тілінде, 24,6%-ы орыс тілінде, 189 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірген.

«Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Математика-Физика», оны талапкерлердің 19,2%-ы таңдаған. Яғни бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,9%-ы «Биология-Химия», 9,7%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ медициналық қызметкерлер мен шығармашылық саласының мамандары», - делінген хабарламада.

қаңтар ҰБТ Түлек Мектеп

Тақырыпқа жаңалықтар