Қазақстан жаңалықтары30 желтоқсан 2023, 1:04

Қар құрсауында қалған 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды

Қолайсыз ауа райына байланысты Көкшетау-Астана тасжолы жабылды. 200-ден астам адам жолда қалып қойған. Олар Ақкөл стансасынан эвакуацияланып, № 6830 пойызымен елордаға жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media

Пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмекті көрсетті.

ФОТО: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

«Жаңа жыл қарсаңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан теміржолдағы пойыз бригадасының бүкіл қызметкерлері жолаушы пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, тасымал кезінде барлық жағдайды жасап жатыр» деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 

 

Көкшетау-Астана эвакуация ауа рпйы Пойыз

Тақырыпқа жаңалықтар