Қазақстан жаңалықтары1 қаңтар 2024, 9:00

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекетке қайтарылған қаржы көп ұзамай халықтың игілігіне жұмсалады

Мемлекетке қайтарылған қаржы көп ұзамай халықтың игілігіне жұмсалатын болды, яғни мектептер салына бастады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңажылдық құттықтауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақстан стратегиялық бағдары айқын ел ретінде тұрақты дамып келе жатыр. Біз ынтымақ-бірліктің және қажырлы еңбектің арқасында ауқымды іс-шаралар атқардық. Жаңару мен жаңғыру жолындағы маңызды реформаларды жүзеге асырдық. Осылайша, мемлекеттігіміздің тұғырын бекемдей түстік. Заң мен Тәртіп үстемдігін орнатуды мемлекеттік саясаттың негізгі бағдары деп жарияладық. Осы бағытта нақты шараларды қабылдауға кірістік. Білім беру және денсаулық сақтау саласында ауқымды жобаларды қолға алдық. Әділдікке негізделген жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Яғни, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін аса маңызды қадам жасадық. Шетелден миллиардтаған доллар инвестиция тарттық. Соның арқасында елімізге аса қажет өндірістер ашылды. Жұмыс орындары пайда болды. Ел экономикасының басты қозғаушы күші ретінде шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсететін болдық. Заңсыз алынған экономикалық активтерді елге қайтару жұмысы жалғасуда. Мемлекетке қайтарылған қаржы көп ұзамай халықтың игілігіне жұмсалатын болды, яғни мектептер салына бастады. Жылдар бойы игерілмей келген миллиондаған гектар жер адал шаруаларға берілетін болды», - деді Мемлекет басшысы ел халқына құттықтауында.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл Құттықтау

Тақырыпқа жаңалықтар