Қазақстан жаңалықтары24 қазан 2023, 11:10

Қазалы ауданында әкесі 7 жасар қызын зорламақ болған

Қызылорда облысы Қазалы ауданында 7 жасар қызын зорлауға әрекеттенген тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл жөнінде әлеуметтік желіде жазылды.

Қазалы ауданының орталығы  Әйтеке би кентінде әкесі 7 жастағы қызын зорламақ болып, қызды 6-сыныпта оқитын ағасы құтқарып қалған. Оқиғаны блыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, түсініктеме берді.

Қазалы ауданының тұрғыны арыз жазып, Қазалы аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 124-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынып, сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкесі Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар