Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты екі дипломдық бағдарлама аясында 150 грант бөлді
Yessenov University базасында ашылған Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты екі дипломдық бағдарлама бойынша студенттерге Германияның жетекші жоғары оқу орындарынан білім алып, неміс стандарттарына сай диплом алуға бірегей мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ғылым және жоғары білім министрлігі жазғандай, бұл түлектердің алдында халықаралық мансаптық мүмкіндіктерге есік ашады және тұрақты дамуға мүмкіндік береді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Білім беру бағдарламалар тізімі:
Энергетика және экологиялық инженерия (Физика және Математика) Логистика (География және Математика) Мехатроника (Физика және Математика) Өнеркәсіптік менеджмент (География және Математика) Технологиялық инженерия (Физика және Математика)
Грантқа өтініш беру үшін ҰБТ-да кемінде 60 балл, әрбір секция бойынша кемінде 6 балл жинау қажет. Мемлекеттік грантқа өтініш беру 24 шілдеге дейін жалғасады.