Қазақстан бензині ең арзан 5 елдің қатарына кірді
Қазақстан бензині ең арзан 5 елдің қатарына кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бииыл қаңтар-тамыз айларының қорытындысында 3,4 млн тонна бензин өндіріліп, бұл былтырғыдан 5,4 пайызға көп екен.
Energyprom.kz порталының мәліметінше, Шымкент әдеттегідей ең көп бензин өндірді: 1,3 млн тонна, алайда бір жылда 8,2 пайызға азайған. Үздік үштікке Атырау (1,2 млн тонна, 30,4 пайызға көбейген) және Павлодар (980,4 мың тонна, 0,6 пайызға көбейген) облыстары кірді.
Былтыр бензин өндірісі 5 млн тоннаны құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.
Қыркүйекте бензин бағасы былтырғымен салыстырғанда 13,4 пайызға өсті. Оның ішінде АИ-98 - 11,7, АИ-92 - 12,8, АИ-95/АИ-96 16,8 пайызға қымбаттады. АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа бағасы — 203 теңге, АИ-95/АИ-96 — 249 теңге, АИ-98 — 261 теңге.
Алматыдағы бензин бағасы ең көп қымбаттады: былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 15 пайызға. Одан кейін Алматы облысы және Қарағанды облысы: тиісінше 14,4 және 14,3 пайыз.
Биыл 13 қазандағы жағдай бойынша, әлемдегі ең арзан бензин Мысырда тіркелді: литріне АҚШ 0,32 доллары (153,24 теңге). Одан кейінгі орында Алжир (0,32 доллар) және Кувейт (0,34 доллар/ 162,81 теңге) тұр.
Қазақстанда бензин литрі 0,46 доллар/ 220,28 теңгені құрап, бесінші орынға тұрақтады.
ТМД елдері арасында да ең арзан бензин Қазақстанда.