Қазақстан Марракеш келісіміне мүше елдер тізіміне енеді
Қазақстан 2024 жылдан бастап көру қабілеті нашар адамдардың шығарма оқуын жеңілдете түсетін Марракеш келісіміне мүше елдер тізіміне енеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.
«Қазақстан 2024 жылдан бастап көру қабілеті нашар адамдардың шығармаларды оқуын жеңілдете түсетін Марракеш келісіміне мүше елдер тізіміне енбек. Қазіргі таңда оған 93 мемлекет енген. Бұл арқылы зағип жандар бұған дейін жарияланған бейімделген әдебиеттерді оқу мүмкіндігіне ие болады. «Қазақ зағиптар қоғамы» қорының дерегінше, қазір Қазақстанда 17 мыңнан астам көру қабілеті бұзылған азамат бар», - деді.
Қазақстанның Марракеш келісіміне енуін халықаралық ұйымдар, Қазақ зағиптар қоғамы, нашар көретін адамдарға арналған республикалық кітапхана мен кітап шығарушы баспаханалар қолдап отыр деп атап өтті.