Қазақстан жаңалықтары20 қаңтар 2024, 15:00

Қазақстан Қысқы олимпиадада тұңғыш рет алтын алды

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV Қысқы жасөспірімдер олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных өз есімін алтын әріптермен жазып қалдырып, Қысқы ойындарда тұңғыш рет ел атынан чемпиондық атаққа қол жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер олимпиадасына 2012 жылдан бері қарай қатысып келеді. Бірақ әлі күнге алтын бұйырмаған еді. Сол олқылықтың орнын бүгін Илья Мизерных толықтырып, корей елінде тұңғыш рет Қазақстан туын желбіретіп, әнұранын шырқатты.

Қазақстандық жасөспірімдері Канвон Олимпиадасына дейін қатысқан үш ойында қандай жетістіктерге қол жеткізгенін тағы бір мәрте еске салып өткенді жжөн көрдік.

2012 жыл: Инсбрук (Аустрия) Олимпиадасы

Қазақстан құрамасы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына алғаш рет 2012 жылы Инсбрукте өткен ойындарда өз өнерін ортаға салды. Қазірге дейінгі ең үлкен жетістігіміз де сол алғашқы Аустрия жерінде тіркелген болатын.

Атап айтсақ, ұлттық құрама мүшелері 2012 жылы Инсбрукте 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте 23-орынға табан тіреген еді. Аталған басты додада Галина Вишневская-Шепоренко спринтте күміс жүлде, сосын із кесу сайысында қола медальға қол жеткізді.

Ал Сергей Малышев классикалық жүріспен 10 шақырым жарыста мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлде алып қайтты.

2016 жыл:

Лиллехаммер (Норвегия) Олимпиадасы Қазақстан жасөспірімдері екінші рет 2016 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) өткен Олимпиада ойындарында бақ сынады. Нәтижесінде жерлестеріміз бәсі биік бәсекені 2 қола медальмен аяқтады. Осылайша, жалпы командалық есепте 26-орынды місе тұтты.

Норвегия төрінде бір қола жүлдені биатлоншы Арина Пантова спринтте жеңіп алса, екінші жүлдені ел қоржынына Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау спортынан салды.

2020 жыл: Лозанна (Швейцария) Олимпиадасы

Қазақ спортшылары үшінші рет 2020 жылы Лозаннада (Швейцария) өткен Қысқы ойындарға қатысты. Өкінішке қарай, ел намысын қорғауға барған 26 атлетіміздің бірде-бірі жеңіс тұғырынан көріне алмады.

IV Қысқы жасөспірімдер олимпиадасы алғашқы алтын Илья Мизерных
24 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
24 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:11 Қазақстан жаңалықтары
24 маусым 2026 Эхо Москвы

Тақырыпқа жаңалықтар