Қазақстан жаңалықтары19 маусым 2024, 11:00

Қазақстанда 5G байланысын енгізу қашан аяқталады?

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде байланыс сапасын одан әрі жақсарту туралы Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Министрдің айтуынша, республикада трафиктің өсуі 2020 жылға қарағанда 61,5%-ға, ал абоненттер саны 12,9%-ға өскен. Speedtest Ookla-ның 2024 жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес, еліміз интернеттің орташа жылдамдығы бойынша – 43,6 Мбит/с, әлем бойынша 66-орында. Бұл Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан жоғары көрсеткіш.

Қазақстанда 6 290 ауыл бар, оның ішінде сымды интернет арқылы оптика 2 606 ауылға жеткізілді. Ұлттық жоба шеңберінде МЖӘ тетігі арқылы 3010 ауылға оптикалық байланыс желілерін қосу көзделген.

«Соңғы» тұтынушы болмаған жағдайда шағын және орта байланыс операторларының күрделі шығындарының 50%-ын субсидиялау тетігі пайдаланылады.

Нәтижесінде 2,4 млн адамның интернетке қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Байланыс операторларынан 340 млрд теңгеден астам көлемде жеке инвестиция тарту көзделіп отыр. Мобильді интернет бүгінде 4 866 ауылда қолжетімді.

Салық жеңілдіктері аясында 2023 жылы 1 161 ауыл 4G технологиясына қосылды. Қалған 1 424 ауыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр», деді Жаслан Мәдиев.Оның айтуынша, 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Кселл және Теле2 операторлары Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында 5G байланыспен қамтуды кеңейту жұмыстарын жалғастырады.

Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станса орнатылған. 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары телекоммуникация саласына 450 млрд теңгеден астам инвестиция салады.

Қазақстан 5G Жаслан Мәдиев

Тақырыпқа жаңалықтар