Қазақстан жаңалықтары22 ақпан 2024, 21:02

Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді - ТЖМ

23 ақпан, жұма күні еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап жазады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.

Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты жер сілкінісі қаупі мен зілзала кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.

«ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді»,-делінген хабарламада.

Қазақстан дабыл Жер сілкінісі жаттығу

Тақырыпқа жаңалықтар