Қазақстан жаңалықтары17 ақпан 2024, 12:00

Қазақстанда шетелдік туристерге арналған QR код іске қосылды

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев елімізге саяхаттап келген шетел азаматтары QR кодтың көмегімен гид, такси, сим-карта сатып алу тағы сол сияқты қызметке қол жеткізе алатынын жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Туризм саласын цифрландыру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуде. Мысалы, шетелдік туристердің жайлылығы үшін шекарадан өткенде QR-код қызметі ұсынылады. Оның көмегімен гидтер, такси құны, сим-карта сатып алу және тағы басқа ақпараттарды таба алады. Сондай-ақ, гидтер мен экскурсия жетекшілерінің қызметін цифрландыру бағытында бірыңғай ақпараттар базасын құру жұмысы жалғасын табады», - деді Ермек Маржықпаев.

Министрдің мәлімдеуінше, Kazakhstantravel, eQonaq платформасында онлайн іздеу және брондау, сұраныстарға талдау жасау және Қазақстан туризмі саласындағы виртуалды көмекшінің функционалын біріктіретін жасанды интеллекттің озық технологияларына негізделген инновациялық «Смарт Трэвел» интеграцияланған платформасын енгізу ісі пысықталып жатыр.

eQonaq платформасын визаны рәсімдеу процесі үшін пайдалануды ұсынамыз, бұл адами факторды жояды. Сонымен қатар құрлықтағы өткізу пункттерінде электрондық виза бойынша мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Е-виза бойынша елге тек Астана мен Алматы халықаралық әуежайлары арқылы ғана кіруге болады, - деп толықтырды ведомство басшысы.

шетелдік туристер QR код
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар