Қазақстанда такси қызметіне жаңа талап енгізілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушылары үшін хабарлама беру ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жаңа ережеге сәйкес, тасымалдаушылар жұмысын бастамас бұрын жергілікті атқарушы органдарға көлік құралы туралы нақты мәліметтерді ұсынуға міндеттеледі.

Бұған дейін қолданыста болған тәртіп бойынша тасымалдаушыны нақты көлік құралымен байланыстыру қарастырылмаған еді. Осының салдарынан жол-көлік оқиғалары кезінде жауапты тұлғаны анықтау қиындық туғызып келді. Енді хабарлама нысанына автокөліктің маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі және шыққан жылы туралы мәліметтер қосылды.

Экономика такси Қызмет Ақша

Тақырыпқа жаңалықтар