Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2024, 8:02

Қазақстанда тіркелген тырысқақ ауруының ошағы жойылды

Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana авиакомпаниясы рейсінің бортында тіркелген тырысқақ жағдайы ошағының сәтті жойылғандығы туралы ескертілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді.

«Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері — теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алынып тасталды. Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласына кетті. Халыққа, әсіресе Үндістан, Ауғанстан мен Пәкістан секілді елдерді қоса алғанда, тырысқақпен сырқаттанушылық жоғары Африка мен Азияның кейбір өңірлеріне сапарлауды жоспарлап отырған адамдарға ұсыным беру маңызды», — делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі келесідей нұсқаулықты ұсынып, кеңес береді:

•⁠ ⁠Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

•⁠ ⁠Сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;

•⁠ ⁠Тұтынар алдында өнімдерді тиісті термиялық өңдеуді жүргізу;

•⁠ ⁠Жемістер мен көкөністерді тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суда жуу.

•⁠ ⁠Қол гигиенасын сақтау, оларды әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;

•⁠ ⁠Судың аузға кетуіне жол бермей, тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу.

•⁠ ⁠Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуден аулақ болып, дереу медициналық көмекке жүгіну.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды бақылауды жалғастырады. Ел тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

«Біз азаматтарды саяхат кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Денсаулықты сақтаңыздар, мұқият болыңыз және медициналық мамандардың ұсынымдарын орындаңыз», - деп ескертеді.

тырысқақ ошақ жойылу Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар