Қазақстанда үш ірі автожол құрылысы басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейнеу – Сексеуіл», «Қызылорда – Сексеуіл» және «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолдарының құрылысына ресми түрде старт берді деп хабарлайды Arbat.Media

Жаңа бағыттар Қорғас пен Ташкенттен шығатын жүк ағынын Сексеуіл арқылы Ақтау портына, одан әрі Баку мен Еуропаға жеткізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейінгі жол шамамен мың шақырымға, ал тасымалдау уақыты 3 тәулікке дейін қысқарады.

Мемлекет басшысы 800 шақырымдық «Бейнеу – Сексеуіл» жолын «Арал – Каспий магистралі» деп атауды ұсынды. Құрылыс 2029 жылдан кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

Жалпы ұзындығы 1574 шақырым болатын жол құрылысын отандық кәсіпорындар жүргізеді. Жобаға 10 мыңнан астам адам тартылып, болашақта жүк тасымалы 2,5 есеге артады деп жоспарланып отыр.

Құрылыс автожол Жүк ағыны жаңа бағыт

Тақырыпқа жаңалықтар