Қазақстан жаңалықтары29 сәуір 2024, 13:10

Қазақстанда утильалым құнын азайту жоспарда жоқ

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде утильалымға қатысты өзгеріс болмайтынын айтты. Бұған дейін депутаттар утильалым сомасын азайту ұсынысын бірнеше рет жариялаған еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мемлекетте утильалымды өзгерту үшін ешқандай жоспар жоқ. Бұл мәселе жиі көтеріліп жатыр. Қазір кезде бұл бағытта қандай да бір түзету қарастырылмаған», - деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жақында Сенаттың жалпы отырысында депутат Бекбол Орынбасаров еліміздің автопаркін жаңартудағы проблемаларды жария етті. Қазақстан азаматтары үшін импортпен келетін автомобильдің бағасы тым жоғары. Оған кедендік алымдар, кәдеге жарату төлемдері (утильалым) және алғашқы тіркеу төлемдері себеп болған.

 

утильалым құнын азайту Шарлапаев

Тақырыпқа жаңалықтар