Қазақстандағы интернет ЕАЭО елдерінің ішінде ең қолжетімді болып шықты
Еуразиялық даму банкі Қазақстандағы цифрлық қызметтердің даму қарқынын саралап көрді. ЕАЭО-ның басқа елдеріне қарағанда біздегі интернет халықтың көп бөлігіне қолжетімді екені анықталып отыр. Есепке сәйкес, Қазақстанда азаматтардың 90,9 пайызы бірден интернетке қол жеткізе алады. Ресейде бұл көрсеткіш небәрі 88,2%-ды, ал Беларусьте – 86,9%-ды құраған. Түркіменстандағы көрсеткіш 38,2%-ға тең, - деп хабарлайды Arbat.media.
Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан ЕАЭО елдерінің ішінде Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынға тұрақтаған. Армения, Түркіменстан және Тәжікстанда ең төменгі көрсеткіштер тіркелген, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Дегенмен, Қазақстандағы электрондық үкімет рейтингі аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Әлемдік кестеде Ресейден 14 ұпайға озып, 28-орынға жайғасқан (42-орын). Одан кейін Армения (64), Өзбекстан (69), Қырғызстан (81), Беларусь, Тәжікстан (129) және Түркіменстан (137) орналасқан.
Банк сарапшылары 2028 жылға қарай Орталық Азиядағы интернетті қолданудың орташа деңгейі 76 пайызды құрап, пайдаланушылар саны 11 миллион адамға өседі деп болжап отыр.