Қазақстандағы ВТБ банкіне ЕО санкция салды
Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциясына Қазақстандағы ВТБ банкі де ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шешім 2025 жылдың 2 желтоқсанында күшіне енеді. Бұл туралы ақпарат ЕО-ның ресми журналында жарияланды.
Санкция тізіміне Беларусьте және Шанхайда орналасқан ВТБ-ның еншілес банктері де кірген. ВТБ банк Қазақстан нарығында 16 жыл жұмыс істеп келеді. Елдің ірі қалаларында 12 филиалы бар.
ВТБ банкі бұған дейін Батыс елдерінің санкциясына ұшыраған ресейлік ВТБ тобына еншілес құрылым.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: