Қазақстандық әнші Singer байқауында өнер көрсетті
Қазақстандық әнші Рухия Байдүкен Қытайдағы «Singer» ән байқауында өнер көрсетті. Рухия 8-кезеңде «All By Myself» әнін шырқады. «Топ жару» статусымен келген шетелдік әншіге қойылған талап бойынша, Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түсті. Өкінішке қарай, қазақстандық әнші дауыс беру нәтижесінде жеңіске жете алмады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Байқаудың 8-кезеңі аяқталғаннан кейін, көптеген қытайлық көрермен Weibo әлеуметтік желісінде Рухияның талантына өз ризашылығын білдіріп жатыр. Тіпті кейбірі оны келесі кезеңге лайық деп бағалап, жас әншінің болашағына сәттілік тіледі.
Еске сала кетсек, 2017 жылы Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауына қатысып, екінші орынды жеңіп алды және әлемдік аренада танымал әншіге айналды.