Қазақстандық кәсіпкер Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады
Кәсіпкер Ұлықбек Шарипов Шерхан Қалмұрзаға автокөлік сыйлады, деп хабарлады Arbat.Media.
Кәсіпкер тосыннан "Қайраттың" 18 жасар қақпашысын шақырып, сыйлығын ұсынды. Жас футболшы болса эмоциясын жасыра алмады.
"Бүкіл ел сенімен бірге", - деп жазды әлеуметтік желідегі жазбасында кәсіпкер.
Желі қолданушылары ыстық лебіздерін білдіріп, жарыса құттықтады.
Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза "Қайрат" футбол клубының жас қақпашысы. Күні кеше "Қайрат" пен "Реалдың" ойынында ерекше көзге түсіп, қарсыластардың бірнеше мәрте соққысына төтеп берген жас футболшы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: