Қазақстандықтар «қанды Ай» құбылысын тамашалай алады

Бүгін сағат 21:30 шамасында қазақстандықтар «қанды Ай» құбылысын тамашалай алады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұндай құбылыс Ай Жердің көлеңкесінен өткен кезде болады және сол сәтте Ай өзінің кейпін уақытша өзгертеді.

Алдымен Ай сұрғылт реңкке енеді, содан кейін қызыл-қоңыр түске боялады дейді астрономдар. Дәл осы ерекшелігіне байланысты Ай толық тұтылуын көбіне “қанды Ай” деп атайды.

“Ай Жердің көлеңкесінде 1 сағат 22 минут болады. Алматыда бұл құбылыс 7 қыркүйек күні сағат 21:26-да басталады — Ай сол уақытта жартылай көлеңкеге енеді. Толық тұтылу фазасы сағат 22:29-да басталып,

ең ашық әрі қанық түсі сағат 23:11-де байқалады”, – делінген хабарламада.

Ай тұтылған сәтін Қазақстанның барлық тұрғыны бақылай алады. Ерекше құбылысты жай көзбен-ақ көруге болады.

Ай Қазақ ел Климат
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар