Қазақстанға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен келеді
Қарашада айында елімізге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті.
«Биыл 3 қарашада жоспарланған Түркі мемлекеттер ұйымының саммитіне президент Режеп Тайып Ердоған мырзаның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы деп айта аламыз», - деп мәлім етті Мұрат Нұртілеу.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: