Қазақстан жаңалықтары14 шілде 2024, 9:00

Қазақстанның креатив индустриясын дамытуда Яндекс тәжірибесі қолданылады

Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустриялар департаментінің директоры Гүлісхан Нахбаева Яндекс Плюс және Яндекстің Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі ойын-сауық сервистерінің бас директоры Владимир Горбуновпен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тараптар креативті индустрия саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Ынтымақтастық бірнеше бағыттар бойынша жүзеге аспақ, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Атап айтқанда, оқыту семинарлары, білім беру бағдарламалары, креативті индустрияға IT-технологиялар мен бизнес шешімдерді енгізу, сондай-ақ басқа да бірқатар бірлескен жобалар бар.

Сарапшылардың пікірінше, жұмысты жалғастыру үшін өңірлердегі креативті тауарлар мен қызметтер нарығына талдау жүргізу қажет.

Қазақстан креатив индустриясы яндекс тәжірибе
8 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:16 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:25 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар