Қазақстан жаңалықтары21 қараша 2023, 16:58

Qnet қаржы пирамидасымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Қызылорда облысы экономикалық тергеп тексеру департаменті Qnet қаржы пирамидасымен айналысқан үш күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында Qnet компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырып, желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорданың 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдардың аралығында 44 млн теңгеге жуық  қаражатын тартқан.

«Компанияға 840 мыңнан 1,2 млн теңге көлемінде қаржы салған. Үш күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», - деді Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті.

 

Qnet қаржы пирамидасы күдіктілер Қызылорда облысы
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар