Қолдан жасалған психотроптық дәрілерді сатқан фармацевтикалық компаниялар анықталды

ІІМ мен ҰҚК 4 фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олар Алматыда көрші елдерден дәрілік препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін медикаменттерді контрабандалық жолмен әкеліп, дәріханалар арқылы өткізіп отырған.

«Тергеу барысында күдіктілердің дәрілік заттарды, соның ішінде құрамында психотроптық заттары бар препараттарды қолдан жасалған тәсілмен заңсыз өндіргені анықталды», - делінген мәлімдемеде.

Бірнеше қойма мен жасырын өндірістік цех табылды.

Заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақша үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өткен жылы мемлекетке 800 млн теңгеден астам салық пен өзге де міндетті төлемдер төленбеген.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дәрі Заң Қызмет полиция

Тақырыпқа жаңалықтар