Қазақстан жаңалықтары3 желтоқсан 2023, 2:05

ҚР ІІМ курсанттары жаппай ауруханаға түсті

Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысындағы оқу мекемесінің курсанттары облыстық ауруханасына түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Диагноз: жұқпалы респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), өткір ринофарингит.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 29 қарашада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті орталығының курсанты ауруханаға жеткізілді. Тағы 10 курсант 1 желтоқсан күні кешқұрым түскен. Анализ алынып, ем-дом тағайындалған.

«Ортақ казармада жататындықтан ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ешқайсысы әзірге ауруханадан шығарылған жоқ.

Павлодар облысы курсанттар Аурухана

Тақырыпқа жаңалықтар