Қазақстан жаңалықтары10 қараша 2023, 16:54

Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімі бойынша тергеу басталды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты іс тергеуге алынды, - деп хабарлайды Arbat.media Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде әйелдің қаза табу фактісі бойынша елорда полиция департаменті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жұмысын басталды», - делінген хабарламада.

Кеше кешке экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев өз әйелін ұрып өлтірген.

Бүгін Ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады. 

Айта кетейік, сот Қуандық Бишімбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуын былай түсіндірген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 2018 жылғы 14 наурыздағы үкімімен Қ. Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан және (Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі-189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 58-бабы 3-бөлігі бойынша), мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қ.Бишімбаев 2017 жылғы 10 қаңтарда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды және жазасын өтеу сол кезден бастап есептелді. Сотталушы өз кінәсін мойындады.

Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы жарлығымен Қ. Бишімбаевқа кешірім берілді, оған тағайындалған жаза мерзімі 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды.

Содан соң Қ. Бишімбаев сотқа 1 жыл 3 ай 13 күн қалған өтелмеген жаза мерзіміне жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жолдады.

Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы заңның талаптарын толық қанағаттандырды. Ол 2/3 мерзім қызмет етті, мекеме әкімшілігі оң сипаттама берді, тәртіп бұзған жоқ. Сондай-ақ, 1,5 млн теңгеден астам көлемде іс жүргізу шығындарын өтеді. 

Сондықтан Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен Қ.Бишімбаевтың өтініші қанағаттандырылды.

Қ. Бишімбаев 2019 жылдың 11 қазанында бостандыққа шықты. Жаза мерзімі 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды.

Қуандық Бишімбаев Тергеу Әйел өлім

Тақырыпқа жаңалықтар