Қазақстан жаңалықтары9 ақпан 2026, 11:48

Құлсарыда сыныптастарын тырқырата қуған оқушы ұйқамаққа алынды

Құлсарыда сыныптастарын балтамен қуған оқушы үйқамаққа жіберілсе де, мектепке баруына рұқсат берілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Атырау облысында аталмыш оқушыға қатысты іс бойынша соттың алғашқы отырысы өтті.

Атырау облыстық білім басқармасының басшысының айтуынша, оқушының кәмелетке толмағаны, ата-анасының өтініші ескеріле отырып, сот шешімімен жасөспірім үйқамаққа жіберілген.

Алайда оның мектепке және медициналық ұйымдарға баруына рұқсат беріліпті. Оқушы бүгін сабаққа қатысқан.

 

Құлсары Мектеп Оқушы Үйқамақ

Тақырыпқа жаңалықтар