Қырғызстан Қазақстаннан бензин сұрап отыр
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның сөзінше, өтінішке қатысты шешім Қазақстанның ұлттық мүддесі ескеріле отырып қабылданады. Сонымен қатар бұл мәселе ішкі нарықтағы жанар-жағармай қорына немесе отын бағасына әсер етпейді.
Вице-министр сондай-ақ Ресей тарапынан жанар-жағармай жеткізуге қатысты ешқандай ресми сұраныс түспегенін айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: