Қырғызстанда Қазақстанмен одақтастық туралы шарт ратификацияланды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары29 қазан 2024, 12:34

Қырғызстанда Қазақстанмен одақтастық туралы шарт ратификацияланды

Қырғызстан Жогорку Кенешінің Халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті үшінші оқылымда 2024 жылдың 19 сәуірінде Астана қаласында қол қойылған «Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» Қырғыз Республикасы Заңының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған құжат Қазақстан мен Қырғызстанның саяси, әскери-техникалық, экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығын жан-жақты дамытуға қосымша серпін береді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы келісімге мемлекет басшылары үстіміздегі жылдың сәуір айында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Астанаға ресми сапары барысында қол қойған болатын.

Одақтастық туралы шарт Қазақстан Қырғызстан ратификация

Тақырыпқа жаңалықтар