Қызылордада жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды
Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды. Жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына екі күн бойы Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«23 шілде күні жоғалған адамның денесі табылды. Аталған дерек Қызылорда қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықталуда. Бұл мақсатта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы күтілуде. Жеке басы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: