Референдумда екі заң бұзу фактісі тіркелді – Бас прокуратура
Фото: ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Bas prokwratwrası Baspasöz qızmeti
Қазақстан жаңалықтары6 қазан 2024, 17:13

Референдумда екі заң бұзу фактісі тіркелді – Бас прокуратура

Референдум өтіп жатқанда сауалнама жүргізіп және үгіт-насихат жүргізген екі азамат анықталды. «Референдумда дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде. Бүгінде екі заң бұзу фактісі анықталды. Біріншісі, жеке тұлға мен қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуге қатысты. Ол Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 120 бабы 3 бөлігі бойынша жауапқа тартылды, яғни айыппұл салынды. Екіншісі, заңсыз үгіт жүргізу фактісі анықталды. Ол бойынша азаматқа жоғарыда аталған кодекстің 102 бабы бойынша айыппұл салынды», - деді Бекжан Қараманов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, екі жағдайда да құқық бұзушылар өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Бас прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қараманов мәлім етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Осы жайттарды ескере отырып, референдумға қатысушылардың назарын, дауыс беру күні, нақты айтқанда бүгін сауалнама жүргізіп, үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске саламыз. Қазіргі уақытта прокуратуралар мен сотқа референдумға қатысты арыз-шағым түскен жоқ. Прокуратура органдары мен республикалық референдум өткізудің заңдылығын қамтамасыз ету жалғасуда», - дейді ол.

Қазақстан референдум Бас прокуратура бұзу фактісі

Тақырыпқа жаңалықтар