Рим папасы Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды
Рим Папасы Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Атысты тоқтатыңыз, тоқтаңыз, ағайын, соғыс әрқашан жеңіліс, әрқашан, әрқашан!» - деді понтифик Ватикандағы жексенбілік уағызында.
Франциск Еуропалық Одақ, АҚШ және Израильде лаңкестік ұйым деп танылған Хамас радикалды исламдық қозғалысының содырлары кепілге алынғандарды тез арада босатылсын деп тағы да талап етті.
Сонымен қатар гуманитарлық көмек жеткізу мүмкіндігін ашу қажет, деп баса айтты Рим Папасы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: