"Росатом" АЭС құрылысына қазақстандық өндірушілерді тартпақ

Премьер-министр Олжас Бектенов пен "Росатом" корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасын салудың қыр-сырын талқылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстан үкіметінің Telegram-арнасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Олжас Бектеновке "Росатом" корпорациясының басшысы Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамту тетіктері, отандық құрал-жабдықтар мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ кадрлық әлеуетті тарту, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Ядролық-отын циклі процестерін локализациялау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік әріптестерді біріктіретін халықаралық консорциум қалыптастырудың тәжірибелік тұстары қарастырылды.

Ресей тарабы атом электр стансасы құрылысы аясында кооперацияның қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екендігін жеткізді.

АЭС Балқаш Алматы облыс
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар