Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі

ІІМ сәуірде адам саудасына қатысты 41 қылмысты тіркеді. Оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полиция мәліметінше, Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленген. 25 жастағы әйел бала туғанға дейін және туғаннан кейін мамандандырылған қоғамдық қорда тұрған. Қор жетекшісі оның баладан бас тартатынын біліп, сәбиді 1 млн теңгеге сатуға ұсыныс жасаған. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал Алматы қаласында адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтың тергеуі басталды. Олар тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды іздеп тауып, олардың жалған несие тарихын қалыптастырып, кейін сол адамдардың атына Алматы және Шымкент қалаларында қымбат автокөліктер рәсімдеген. Қазіргі уақытта негізгі ұйымдастырушылар ұсталды. Сонымен қатар, Жетісу облысында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2005 және 2007 жылы туған жергілікті екі тұрғынды ұрлап әкетіп, бір ай бойы күш қолданып, жұмысқа жеккен. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жетісу Алматы Сауда Қызылорда
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар