Қазақстан жаңалықтары4 наурыз 2024, 12:54

Сейсмолог алматылықтарға кешкі 16:00-ге дейін үйге қайтпай, арнайы пунктте қалуды ұсынды

Жер дүмпулерінің қайталануына байланысты сейсмологтар алматылықтарды кешкі сағат 16:00-ге дейін халықты жинау пуктерінде қалуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Қазір афтершоктар болуы мүмкін. Бірақ, олардың қуаты әлсіз сезінеледі. Сабыр сақтап, кешкі сағат 16:00-ге дейін жиналу пунктінде қалуыңызды сұраймыз»,-деді Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсембаев.

Еске салайық, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.

Алматы әкімдігі барлық жиналу пунктері ашық екенін мәлімдеді.

Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты.

Сондай-ақ Алматы әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Алматы Жер сілкінісі арнайы пункт афтершоктар

Тақырыпқа жаңалықтар