Шерзатты өлтіргендердің күліп шыққан видеосын кім түсіргені белгілі болды
Айыпталушылардың күліп шыққаны үшін техникалық қызметкерлер жазаланды, деп хабарлайды Arbat.media.
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта айыпталушылардың желіде тарап кеткен видеосына қатысты үкім шықты.
Судья Ержан Жанұзақовтың айтуынша, онлайн трансляция тарату бойынша техникалық қызметкерлер трансляцияны уақытылы тоқтатпаған. Салдарынан күдіктілердің видеосы желіде тарап кетті. Техникалық қызметкерлер Рустам Мухсинов, Нәзира Оразалиева, Сәуле Қайдагулова тәртіптік жазаға тартылды.
Сондай-ақ судья күдіктілердің сөйлеп жатқаны түсірілген видео бойынша да шара қабылдайтынын айтып, кеңесу бөлмесіне кетті.

Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: